Роман Григорчук: Бүгінгі жеңіс ауадай қажет болды
«Астана» Премьер-Лиганың кезекті туры аясында сырт алаңда қостанайлық «Тобылға» қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Бүгінгі жеңіс бізге ауадай қажет болды. Сондықтан, көңіл-күйіміз өте жақсы.
- Екінші голдан кейін команда қорғанысқа назар аудара бастады. Мұның себебі неде?
- Менің ойымша, бұл психологиялық сәт. Себебі, біз үшін соңғы екі ойындағы сәтсіздіктен кейін, тек жеңіске жету қажет болды. Екінші голды соққаннан кейін, футболшылар ойын есебін ұстап қалуды ойлаған сыңайлы. Бірақ мен бұл жағдайды дұрыс деп санамаймын. Ойында осындай есеп тіркелген кезде, допқа иелік етіп, ойынды бақылауда ұстау қажет. Дегенмен, ол деңгейге жету үшін бізге әлі де көп еңбектену керек.
- Бұл Сіздің Қазақстанға келген уақыттан бергі үздік ойыныңыз деп айта аласыз ба?
- Жоқ, менің ойымша бұл кезекті жақсы ойындардың бірі болды. Бұл кездесуді үздік он ойынның қатарына қосуға болатын шығар.
- Ойынның алғашы 15 минутында өзіңізді қалай сезіндіңіз?
- Мен ол сәтте футболшылардың не сезініп жатқанын түсіндім. Тіпті, олардың жіберіп жатқан қателіктерін де. Ал мен өзімде бар жігерді оларға жеткізуге тырыстым. Себебі, мен үшін футболшылардың алаңдамай ойнағаны өте маңызды болды.
- Ойында қатарынан екі ойыншыны алмастыруыңыздың себебі неде?
- Бұл ойыншыларды алмастыру сәтінде футболшылармен ақылдастым. Рома Муртазев пен Рунар аздап шаршағандықтарын жеткізгендіктен, алмастыруға тура келді.
- Қостанайдағы алаң сапасына қандай баға бересіз?
- Кешегі жаттығу жұмыстары кезіндегімен салыстырғанда, бүгінгі алаң әлдеқайда жақсы жағдайда. Егер шынымды айтсам, кеше қатты алаңдадым. Жалпы алғанда, алаң сапасына – жақсы деген баға беруге болады.
- Чемпиондар Лигасының алғашқы ойыны туралы не айтасыз?
- Бізге мүмкін болған қарсыластардың ең мықтысы тап болды. Дегенмен, ойын сонысымен де қызықты болмақ. Біз екі мықты қарсыласқа қарсы кездесу өткізу арқылы, деңгейімізді бір сатыға болсын көтердік деп ойлаймын. Алдағы ойында жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.
- Команда құрамына жаңадан қосылған ойыншыларға көңіліңіз тола ма?
- Осы футболшыларды қатарымызға қосып берген клуб басшылығына ерекше алғыс айтамын. Олардың деңгейі өте жоғары және бізге алдағы ойындарда көмектесуге толықтай қауқарлы.