«ЧФР»-дың үздік сұрмергені «Астанаға» қарсы ойынға қатыспайды
Румыниялық «ЧФР Клуж» командасына Чемпиондар лигасында өтетін «Астанаға» қарсы матчтарда шабуылдағы үздік футболшысы көмектесе алмайды, деп жазады Prosports.kz.
Румыниялық басылымдардың хабарлауынша, <span>Джордже Цукудянаның жүрегінде ақау бар екен. «Астанамен» болатын матч күні футболшы Вена қаласында хирургиялық ем хабылдайды. Цукцдяна өткен маусымда румын біріншілігінің үздік сұрмергені атанған болатын.</span>
<span>Сенбі күні «ЧФР» бұл маусымдағы алғашқы ресми матчтын өткізеді. «Вииторулаға» қарсы матчта Қазақстан чемпионының болашақ қарсыласы Румыния суперкубогын сарапқа салады. </span>
<span>Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші кезеңіндегі «Астана» - «ЧФР» арасындағы алғашқы матч 9 шілде күні «Астана Арена» стадионында өтеді.</span>