Роббен мансабын аяқтады

Роббен мансабын аяқтады

Голландиялық футболшы «Бавариядан» кейін ешбір команданың жейдесін кимейтінін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

35 жастағы Арьен Роббен осы жылы неміс елінің клубымен қош айтысқан еді. «Бавариядан» бөлек,«Гронинген», ПСВ, «Челси», «Реал» секілді командаларда да доп тепкен. Бес мәрте Германия чемпионы атанған. 2012/2013 маусымда финалда жеңісті голды соғып, Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Ал, Әлем чемпионатында 2010 жылы күміс, 2014 жылы қола жүлдеге қол жеткізген. 

Голландия ұлттық құрамасында 96 матч өткізіп, 37 голдың авторы атанған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или