Крамаренко: «Тобылдың» қақпашысы Әзірбайжанның бірінші нөмірі атануға лайық
Әзірбайжан ұлттық құрамасының қақпашыларын жаттықтыратын Дмитрий Крамаренко қостанайлық «Тобылдың» қақпасын күзететін Эмиль Балаевтың жоғарғы деңгейде ойнап жүргенін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Балаевпен әр матчтан кейін сөйлесіп тұрамыз. Қазақстанда бағының жанғанына мен қуаныштымын. «Тобыл» да ел чемпионы атанады деп үміттенемін.
Ұлттық құраманың бірінші нөмірі болуға уақыт келді. Соңғы екі жылда бұл футболшы деңгейін өте жоғары көтерді. Себебі, еңбекқор, әрі өзіңе талап қоя біледі - деді Крамаренко.
Эмиль Балаев ҚПЛ-да осы маусымда ең аз гол өткізген қақпашылардың бірі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или