Ресми: Фрэнк Лэмпард «Челсидің» тізгінін ұстайды
Лондондық «Челсидің» аңыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард команданың бас бапкері қызметіне ресми кірісті, деп жазады Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, 40 жастағы Лэмпардпен келісімшарт үш жылға жасалды.
Маурисио Сарри «Челсидан» кеткеннен кейін, клуб басшысы Роман Абрамович «ақсүйектердің» аңызы Лэмпардті шақырды. Фрэнк клуб басшыларының бұл ұсынысын қабыл алып, «Челсиді» тізгінін ұстады.
Айта кетейік, Лэмпард «Челси» сапында 429 матчқа қатысып, 147 гол соққан.
Өткен жылы Чемпионшипде бақ сынайтын «Дерби Каунти» командасын баптаған Фрэнк тәп-тәуір нәтиже көрсетті. Премьер лигаға жолдама беретін плей-офф кезеңінің финалына дейін жетіп, «Астон Виллаға» есе жіберді.