Буффон «Ювентусте» медициналық тексерістен өтеді

Буффон «Ювентусте» медициналық тексерістен өтеді

Италия құрамасы мен «ПСЖ» клубының бұрынғы қақпашысы Джанлуиджи Буффон «Ювентуске» оралады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

41 жастағы қақпашы 4 шілде күні медициналық тексерістен өтіп, артынша туриндік командамен 1 жылдық келісімшартқа отырады. Буффон жылына 1,5 миллион жалақы алатын болады. Әзірге тәжірибелі қақпашы Войчех Шченсныды алмастырушысы болуға келіскені белгілі.

Айта кетейік, Буффон париждік клубта бір маусым өнер көрсеттті. Оған дейін 17 жыл бойы «Ювентустің» жейдесін киген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или