Перу сенсация жасап, финалға шықты
Бүгін Америка кубогының жартылай финалында Чили мен Перу құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Матчтың фавориті Чили құрамасы болған. Бірақ перуліктер үзіліске дейін екі гол соғып тастады - Флорес пен Йотун көзге түсті. Ал матч аяқталар тұста Герреро матчтың нүктесін қойды - 3:0. Қосымша уақытта Варгас пенальтиді пайдалана алмады.
Енді 7 шілдеге қараған түні Аргентина мен Чили құрамалары үшінші орынға таласады.
Ал 8 шілдеге қараған түні финалда Бразилия мен Перу кездеседі.
Америка кубогы. 1/2 финал.
Чили – Перу 0:3
Голдар: Флорес (Каррильо, 21), Йотун (Каррильо, 38), Герреро (90).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или