«Атырау» екі бірдей футболшымен келісімшартқа отырды

«Атырау» екі бірдей футболшымен келісімшартқа отырды

Өткен маусымда қазақстандық «Ақжайық» сапында ойнаған сенегалдық Малик Мане «Атыраудың» ойыншысы атанды.

Сондай-ақ ресейлік шабуылшы Исламнур Абдулавов та «Атыраудың» жейдесін киді. Бұл туралы батысқазақстандық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Исламнур Абдулавов

Исламнур Абдулавов

25 жастағы Исламнур Абдулавов мансабында «Анжи», «Уфа», «Томь» және «Ротор» командаларында ойнаған.

Ал Малик Мане Норвегия, Швеция, Қытай және Сауд Арабиясында доп тепкен. Оған қоса Қазақстанда «Тараз» бен «Ақжайықта» өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или