«Кельн» клубында ойнаған футболшы Қазақстанға ауысады

«Кельн» клубында ойнаған футболшы Қазақстанға ауысады

Болгарияның екінші дивизионында өнер көрсететін Мартин Тошев мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

«Гонг» басылымының мәліметінше, «ЦСКА 1948» клубының шабуылшысы Мартин Тошев қазақстандық «Жетысу» командасының жейдесін киеді.

29 жастағы шабуылшы софиялық ЦСКА-ның түлегі. 18 жасында немістің «Кельн» командасына ауысқан. Артынша Болгарияның «Черноморец» (Бургас), «Славия» (София), «Септември» (Симитли), «Пирин», «Септември» (София), немістің «Эрцгебирге Ауэ» және «Аален» клубтарында доп тепкен.

Өткен маусымды Ливанның «Аль-Ахед» командасында бастып, жарты жылдан кейін «ЦСКА 1948» клубына ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или