Мбаппе келесі маусымды қай командада өткізетінін мәлімдеді
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Пари Сен-Жермен» клубынан кетпейтін болды.
Футболшы твиттердегі парақшасында ПСЖ жейдесіндегі фотосын жүктеп, астына клубтың ұраны мен 19/20 сандарын жазған. Жанкүйерлер бұл жазудан кейін Мбаппенің келесі маусымды Парижде өткізетінін тұспалдауда.
ICI C’EST PARIS 19/20 @PSG_inside pic.twitter.com/diGY7fksve
— Kylian Mbappé (@KMbappe) 2 июля 2019 г.
Бұған дейін «Пари Сен-Жермен» жас шабуылшысын «Реалға» сатудан бас тартқан болатын. «Корольдік клуб» футболшы үшін 230 млн еуро төлеуге дайын болғанына қарамастан, ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи шабуылшыны жібермейтінін жеткізген.
Айта кетейік, Мбаппе өткен маусымда ПСЖ жейдесінде 43 рет алаңға шығып, 39 гол соғып, 17 рет нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или