Фирмин Мубеле: «Астанаға» оның мақсаттарына көмектесу үшін келдім

Фирмин Мубеле: «Астанаға» оның мақсаттарына көмектесу үшін келдім

«Астана» футбол клубы Конго ДР құрамасының шабуылшысы Фирмин Мубелені өз қатарына қосты. 25 жастағы шабуылшы елорда командасы сапындағы алғашқы жаттығу жұмыстарынан кейін клубпен жасаған келісімшарты айтып берді.

- «Астананың» маған қызығушылық танытып жүргеніне біраз уақыт болды. Клуб Жуниор Кабананга екеуміздің ортақ досымыз арқылы маған хабарласып, команданың алға қойған мақсаттары туралы жеткізді. «Астана» - әр жылы чемпиондық атаққа таласып, Еурокубоктерге қатысып келе жатқан команда болғандықтан, осы ұжымды таңдадым.

- Келісімшартқа қол қояр алдында отандасыңыз Жуниор Кабанангамен клуб туралы сөйлесе алдыңыз ба?

- Біз Жуниормен әрдайым байланыстамыз, әрі біздің ортақ достарымыз өте көп. Біз «Астана» туралы жиі сөйлесетін едік. Жуниор клуб туралы әрқашан жақсы пікірлер айтып, клубта жұмыс жасайтын қызметкерлердің футболшыларға үлкен құрметпен қарап, оларға қолайлы жағдай жасау үшін барлығын жасайтынын айтқан еді.

- «Астана» сапынан ұсыныс түскенге дейін, клуб туралы білдіңіз бе?

- Әрине, біз Жуниормен «Астананы» жиі талқылайтын едік. Оған қоса, команда жыл сайын еурокубоктерде ойнағандықтан, олар менің көз алдымда.

- «Астана» жейдесінде өз алдыңызға қандай мақсат қоясыз?

- Шабуылшы ретінде, «Астанаға» чемпиондық атақты иеленіп, еурокубоктердің топтық кезеңіне шығуына көмектесу үшін келдім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или