«Ертіс» бірнеше футболшысын жаттығуға кіргізбей қойған

«Ертіс» бірнеше футболшысын жаттығуға кіргізбей қойған

Павлодардың «Ертісі» бірден бес бірдей футболшысымен келісімшартты бұзғанын растаған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Атап айтқанда, Каспар Дубра, Рохер Каньяс, Павел Шабалин, Антон Цирин және Милан Мирославлев командамен қош айтысқан. Алайда футболшылардың клубтың ісін заңсыз деп ФИФА-ға арыз түсіруі мүмкін. Себебі клуб тарапынан заңсыз әрекеттер жасалған. Атап айтқанда жаттығуға қатыстырмай, себепсіз келісімшартты бұзған.

Айта кетейік, бұған дейін «Ертістен» Аслан Дарабаев пен Станислав Лунин кеткен болатын. Оған қоса бас бапкер Димитар Димитров пен оның көмекшілері қызметінен шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или