Месси төрешілерді сынға алды
Аргентина тағы жүлдесіз қалды.
Команданың капитаны Лионель Месси Америка кубогының жартылай финалындағы Бразилияға қарсы матчтан кейін журналистерге сұқбат берді.
<span>«Біз турнирдегі ең үздік ойынымызды көрсеттік. Бразилиялықтар басым болды деп айта алмаймын. Қанша тырыссақ та, мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. </span>
<span>Жігіттер бар күшін салды. Олардың әрі қарай дамуы үшін көмектесуіміз қажет. Бұл командада өзімді жақсы сезіндім. Көмегім тисе, Аргентинаның жейдесінде әлі де алаңға шығамын.</span>
<span>Бразилиялықтар өте дөрекі ойнады. Матч бойы тәртіп бұзумен болды. Төрешілер де әр шешімін Бразилияның пайдасына шығарды. VAR жүйесінің көмегіне бірде-бір мәрте жүгінбегеніне таңым бар, ақылға сыймайды» - деді Лионель Месси.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или