Америка кубогы. Бразилия Аргентинаны үйіне қайтарды
Америка кубогының жартылай финалында Бразилия Аргентинаны ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилиядағы Белу-Оризонти қаласында өткен матчта қожайындар Месси бастаған команданың қақпасына екі доп соқты. Бірінші таймда Роберто Фирмино пасынан кейін Габриэль Жезус есеп ашты. Ойынның екінші бөлігінде Жезус Фирминоның гол авторы атануына көмектесті. Қорытынды есеп - 2:0.
Америка кубогының финалында Бразилия, Чили - Перу кездесуінің жеңімпазымен бас жүлдені сарапқа салады.
<span>Америка кубогы-2019. 1/2 финал</span>
<span>Бразилия – Аргентина 2:0 (1:0)</span>
<span>Голдар: </span><span>1:0 – Габриэл Жезус (19), 2:0 – Фирмино (71).</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или