«Барселона» Дембелені «Баварияға» бергісі жоқ

«Барселона» Дембелені «Баварияға» бергісі жоқ

«Барселона» өзінің шабуылшысы Усман Дембелені кем дегенде 95 млн еуроға ғана сатуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Diario Sport порталының хабарлауынша, «Бавария» 22 жастағы форвард үшін каталониялық клубқа  70 млн еуро ұсынды. Алайда «Барселона» үстіне тағы 25 млн еуро қосуды сұраған. 

Дембеленің каталондықтар келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда ол 42 матчта бой көрсетіп, 14 гол соққан және 9 нәтижелі пас берді. 

Transfermarkt тұжырымы бойынша ойыншының құны 100 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или