Асхат Тағыберген: Оңтүстік дербиде біз мықты болдық

Асхат Тағыберген: Оңтүстік дербиде біз мықты болдық

Қызылордалық «Қайсар» ойыншысы Асхат Тағыберген шымкенттік «Ордабасыға» қарсы матч жайлы ойын айтты.

«Ел біріншілігінде оңтүстік дерби саналатын кездесу қашанда қызықты өтеді. Біз осы жолғы «Ордабасыға» қарсы кездесуде жоғары дайындықпен және жеңіс үшін алаңға шықтық! Расында, біз алаңда қарсыласымыздан мықты болдық. Оны таблодағы көрсеткіште айқындап тұр. Осал қарсылас еместігімізді 90 минут ішінде дәлелдедік. Бұл жеңісті Қырымбек Елеуұлына арнаймыз. Өйткені Қырымбек Елеуұлының қолдауының арқасында «Қайсар» жоғары дәрежеге жетіп отыр», - деді Тағыберген клубтың баспасөз қызметіне.

Айта кетейік, ел чемпионатының 16-тур ойынында Шымкентте «Қайсар» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или