Меркель мансабын қазақстандық клубта жалғастыруы мүмкін

Меркель мансабын қазақстандық клубта жалғастыруы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель мансабын елімізде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Меркель карьерасын қазақстандық клубтың бірінде жалғастыруы мүмкін.  

Айта кетейік, өткен маусымда Меркель Голландия чемпионатында 34 ойынға қатысып, екі голдық пас шығарған. Әрі маусым соңында командасымен 2020 жылдың маусым айына дейін келісімшарт мерзімін ұзартқан еді. 

27 жастағы ойыншы биыл Қазақстан ұлттық құрамасы сапында екі ойынға қатысты. Еуро-2020 іріктеу турнирінде Шотландиямен (3:0) және Ресей (0:4) қарсы матчта өнер көрсетті. Ал Бельгиямен (0:3) және Сан-Марино (4:0) ойындарға жарақатына байланысты қатыса алмады.

Transfermarkt бағамы бойынша ойыншының құны 1,25 миллион еуроны құрайды.

Александр Меркель Голландия чемпионатынан кетеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или