Сигурьонссон: «Бізді алда жақсы нәтижелер күтіп тұрғанына сенімдімін»

Сигурьонссон: «Бізді алда жақсы нәтижелер күтіп тұрғанына сенімдімін»

Рунар Мар Сигурьонссон «Астана» сапындағы алғашқы кездесуін алматылық «Қайратқа» қарсы өткізген болатын.

Исландиялық жартылай қорғаушы Қазақстанның бес дүркін чемпиондары сапындағы алғашқы ойыны туралы клубтың баспасөз қызметіне айтып берді:

<span>- «Астана» сапындағы алғашқы ойынымды өткізгеніме қуаныштымын, алайда ойын нәтижесіне көңілім толмайды. Бұл қиын ойын болды. Екі команда сапында да гол соғатын мүмкіндіктер болды. Ал «Қайрат» командасы өз мүмкіндіктерін сәтті пайдалана білді. Сондықтан да олар лайықты жеңіске жетті. </span>

<span>Ал өзіме келер болсам, мен қазір команда құрамына бейімделіп жатырмын. Әріптестеріммен алаңда түсіністік орнату үшін маған кішкене уақыт қажет. Бізді алда жақсы нәтижелер күтіп тұрғанына мен сенімдімін. Біз жаттығу жұмыстарын жалғастырып, алдағы ойындарға дайындалып жатырмыз. Сондықтан, тек алға қарауымыз қажет.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или