ҚПЛ. Құлдыраған «Астана». «Тобыл» чемпион?

ҚПЛ. Құлдыраған «Астана». «Тобыл» чемпион?

Ел біріншілігінде көшбасына суырылып «Тобыл» шықты. «Астанадан» екі матч кем өткізген. Сонда да үш ұпай озып тұр. Елордалықтар үшін маусым айының аяқ жағы өте сәтсіз болды.

Премьер-лига. 16-тур.

«Оқжетпес» – «Атырау» 3:0 (1:0)

Голдар: Нөсербаев 45+2, Алмейда 62, Жұмаханов 86

Төрт турдан бері 1:1 нәтижесін тіркеп жүрген «Атырау» қонақта«Оқжетпеске» ірі есеппен ұтылып қалды. Ойынның нәтижесі дау тудыруы мүмкін. Бірінші таймда «мұнайшылардың» соққан добын бас қазы Денис Измайлов есептемей қойды. Үзіліске аз уақыт қалғанда қонақтардың қақпасында пенальти ойлап тапты. Ал, екінші бөлігінде матчты құтқаратын «Атырауда» күш қалған жоқ. Данило Алмейда мен Санат Жұмаханов таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

«Жетісу» – «Тобыл» 0:1 (0:1)

Гол: Кассай 32

Талдықорғандық «Жетісудың» «дерті» ұзаққа созылды. Кезекті турда Дмитрий Огай командасы қостанайлық «Тобылға» ұтылды. Қонақтарға жеңісті голды орталық африканың азаматы Фернандо Кассай сыйлады. Владимир Газзаев баптайтын ұжым қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Қызылордада 1:5 есебімен тас-талқан болып ұтылғаннан кейін, «Тобыл» ұпай жоғалтпай келеді.

«Шахтер» - «Тараз» 1:0 (0:0)

Гол: Өміртаев 15

Бір ай бұрын «Астананы» жеңіп, мақтауға ие болған «Шахтер» содан бері қарсыластарға ұпай таратумен болған. 16 турда өз алаңында жамбылдық «Таразды» ұтып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. 20 жастағы жас шабуылшы Оралхан Өміртаев чемпионаттағы екінші добын соқты. Өміртаевтан басқа ешкім бұл матчта мергендік таныта алмады. Негізі, «Астананы» жеңген команда «ұзақ» тойлап кетеді. Себебі, алты матч бұрын чемпиондардың апшысын қуырған жамбылдықтар, содан бері жеңісті не екенін ұмытты.

«Ордабасы» - «Қайсар» 1:2(1:1)

Голдар: Мбомбо 37’, Жанғылышбай 40’, 90+6' Махан

«Астананы» кім ұтпай жүр? Өткен турда «Ордабасы» да жеңген елордалықтарды. Дегенмен, шымкенттіктердің жеңіссіз сериясы басталып кеткен секілді. Кахабер Цхададзе баптайтын команда «Қайсарға» қарсылық таныта алмай қалды. Алаң қожайындары өздеріне ғана кінә арту керек. Себебі, ойын басталысымен басымдыққа ие болды. Бірақ, есепті «қасқырлар» ашып кетті. Содан кейін ғана «Ордабасы» қақпа кілтін таба білді. Екінші таймда кез келген нәтиже тіркелуі мүмкін еді. Алайда, матч аяғына таман алаң шыққан жас футболы Өркен Махан «Қайсарға» жеңіс сыйлады. Екі команда 30 ұпайдан еншілеп, 4-5 орындарды бөлісіп тұр.

«Ақтөбе» – «Ертіс» 2:1 (0:1)

Голдар: Мульдинов 11 (0:1), Кәкімов 68 (1:1), Волков 83 (2:1)

Сәуір айынан бері тұңғыш рет «Ақтөбе» екі доп соқты. Соғылған қос гол екі айдан бергі алғашқы жеңісті сыйлады. Қонақтардың бірінші голы да «ақ-қызылдардың» сағын сындыра алған жоқ. Ақтөбеліктер 11 орында орналасқан «Атыраудан» 13 ұпай қалып барады. Керекулік «Ертіс» болса тоғызыншы сатыда.

«Астана» – «Қайрат» 0:2 (0:0)

Голдар: Дугалич 68, Әбікен 71

Матчтың қорытынды нәтижесі таңғалдырды. «Қайрат» қарсы тыңғылықты дайындалатын «Астана» жеңісті оңай беріп қойды. Әрине, ізбе-із соғылған екі доп елордалықтарды есеңгіретіп тастады. Матч соңында дейін, есепті теңестірмек түгілі, тұшымды шабуылдар да ұйымдастыра алған жоқ. Екінші тур қатарынан жеңілген Григорчук командасы, екінші орынға сырғыды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или