Алматылық жас футболшылар Испаниядағы турнирде жеңіске жетті

Алматылық жас футболшылар Испаниядағы турнирде жеңіске жетті

Алматылық «Арыстан» футбол командасы Барселонада (Испания) өткен U-13 тобындағы Copa Cataluña турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнир финалында жас қазақстандықтар италиялық «ТФТ Флория-2000» командасын пенальти бойынша ұтып, есеп 4:2 болды. Матчтың негізгі есебі - 0:0.

Финалға барар жолда алматылықтар Польша, Испания, сондай-ақ италиялық футбол клубтарымен кездесті.

«Бұл жеңіс бізге ерекше қуаныш сыйлады. Бізге шын көңілімен сенгені үшін жаттықтырушымыз Бейбіт Құлыбековке алғысымыз шексіз. Жанкүйерлеріміздің үмітін ақтау үшін барымызды салдық. Сәтті сапар болды», - дейді «Арыстанның» 13 жасар ойыншысы Мирас Габдылмуталапов.

Айта кетейік, турнирде 24 елден 126 команда бақ сынады. Каталония кубогы осымен 32-ші рет өтіп отыр.

ÐлмаÑÑлÑÒ Ð¶Ð°Ñ ÑÑÑболÑÑÐ»Ð°Ñ ÐÑпаниÑдаÒÑ ÑÑÑниÑде жеңÑÑке жеÑÑÑ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или