«Шахтер» африкалық сұрмергенді қатарына қосты
Албанияның «Кукеси» клубының сұрмергені Режиналдо мансабын Қазақстанда жалғастырады.
Мозамбик елінің өкілі «Кукеси» командасынан шілденің 1 күні кетіп, қарағандылық «Шахтер» клубымен келісімшартқа отырады деп күтілуде.
29 жастағы шабуылшы мансабында отанында «Лига Мусульмана», португалиялық «Насьонал» мен «Санта Клару», албаниялық «Люфтетари», «Лачи» және «Кукеси» командаларында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или