Ресми: Қазақстандық футболшы Бельгия чемпионатына ауысты

Ресми: Қазақстандық футболшы Бельгия чемпионатына ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский «Қайраттың» сапынан кетті. Бұл туралы алматылық клуб ресми мәлімдеді.

Бұған дейін 22 жастағы футболшының Бельгияның «Беерсхот» клубында медициналық тексерістен өткенін, бельгиялық клуб ойланбастан жас қорғаушыны сатып алғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Вороговский «Қайрат» қатарына 2016 жылдың қаңтары айында қосылды. Бұған дейін жартылай қорғаушы «Қайсарда» және «Сұңқарда» ойнаған. Алматылық клуб сапында 41 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын иеленген. болды.

Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасы сапында дебютін жасады және 4 матч өткізді. Шотландиямен матчта Еуро-2020 іріктеу кезеңінде гол соқты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер