Ресейлік ойыншы «Валенсия» сапына ауысты
«Вильярреал» және Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Денис Черышев «Валенсия» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sportbox порталына сілтеме жасап.
«Жарғанаттардың» ресми сайты келіссөздің анық-қанығын жасырып отыр. Алайда валенсиялық журналист Эктор Гоместің айтуынша, трансфер құны 5 млн еуроны құраған.
28 жастағы Черышев өткен маусымда «Вильярреалдан» «Валенсияға» жалға берілген еді. Ресейлік ойыншы «жарғанаттардың» сапында 41 матч өткізіп, 4 гол соқты және 5 нәтижелі паспен көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или