Америка кубогы. 1/2 финалда Аргентина мен Бразилия кездесе ме
Бразилия ширек финалда Парагвайды матч соңындағы пенальти сериясынан ұтып, 1/2 финалға жолдама алып қойған еді.
29 маусым күні елорда уақыты бойынша түнгі 01:00-де Венесуэла мен Аргентина ұлттық құрамалары жолығады. Басым түскен ұжым жартылай финалда Бразилиямен кездесетін болады.
Аргентина топтағы үш ойында төрт ұпай алып, екінші орынмен 1/4 финалға жолдама алған болатын. Ал, Венесуэла жарыс қожайындары Бразилиямен бір топ ойнап, әлемнің бес дүркін чемпиондарына қарсы матчта тең нәтиже тіркеген.
Еске сала кетейік, Америка кубогының жеңімпазы 8 шілде күні белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или