«Астана-2008» плей-офф кезеңіне жолдама алды

«Астана-2008» плей-офф кезеңіне жолдама алды

Ыстықкөлде 2008 жылы туған балалар командалары арасында халықаралық турнир жалғасуда. Аталмыш турнирде Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстаннан келген командалар бақ сынауда.

«Астана» бүгін «Олжа Спорт» (Алматы) командасын 2:1 есебімен жеңді. Ойында Алдияр Нұрғали мен Мақсат Абраев гол соқты. 

Осылайша, астаналықтар екі ойыннан кейін 6 ұпай жинап, топтық кезеңнің аяқталуына бір тур қалғанда бірінші орынмен турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Ертең Сергей Калюбин мен Павел Халезов шәкірттері «Абдыш Ата» (Қырғызстан) командасына қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или