Еуропа Лигасы. Қазақстандық клубтардың кездесулері тікелей эфирде
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» - «Легия» мен «Астана - Вильяреал» матчтарын Қазспорт арнасы тікелей эфирде көрсетеді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Ақтөбе» мен польшалық «Легия» клубтарының арасындағы алғашқы ойынды тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен испаниялық «Вильяреал» арасындағы ойынын тікелей эфирде ұсынбақ.</p>
<p style="text-align: justify;">
Сонымен қатар, «KAZsport» телеарнасы «Ақтөбе» мен польшалық «Легия» клубтарының арасындағы қарымта ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Ал, елордалық «Астана» мен «Вильяреал» клубтарының арасындағы қарымта кездесудің трансляциясы бойынша келіссөз жүргізілуде.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или