«Оқжетпеске» Литва құрамасының ойыншысы келді

Көкшетаулық «Оқжетпес» Литва құрамасының ойыншысы Деймантас Петравичусті қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, ойыншымен келісімшарт маусымның соңына дейін жасалды.
23 жастағы жартылай қорғаушы - Литва ұлттық құрамасының ойыншысы. Өзінің клубтық мансабын 2016 жылы англиялық «Ноттингем Форест» командасында бастады. Бұдан бөлек, польшалық «Загленбе Любин», шотландиялық «Мазервел» клубтарында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или