Қазақстандық жас футболшы Түркия чемпионатында ойнайды

Қазақстандық жас футболшы Түркия чемпионатында ойнайды

Қазақстандық жас футболшы Равиль Тагир Түркияның «Алтынорду» командасымен келісімшартқа отырды.

16 жасар футболшы «Алтынорду» академиясының түлегі. Енді ол негізгі командада 3 жыл өнер көрсететін болады. 

Равиль Тагир - Қазақстанда туған этникалық түрік. Оған қоса Қазақстан азаматтығы бар.

Айта кетейік, «Алтынорду» клубы Түркияның Бірінші лигасында бақ сынайды. 2018/19 жылғы маусымды 7 орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или