Бельгиялық клуб қазақстандық жас қорғаушыны сатып алды
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский «Қайраттың» сапынан кетті.
Бұған дейін 22 жастағы футболшының Бельгияның «Беерсхот» клубында медициналық тексерістен өтетінін жазған болатынбыз.
Бельгиялық клуб ойланбастан жас қорғаушыны сатып алған. Әзірге трансфер құны құпия күйінде сақталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Вороговский «Қайрат» қатарына 2016 жылдың қаңтары айында қосылды. Бұған дейін жартылай қорғаушы «Қайсарда» және «Сұңқарда» ойнаған. Алматылық клуб сапында 41 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Екі рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогы және Суперкубогын иеленген. болды.
Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасы сапында дебютін жасады және 4 матч өткізді. Шотландиямен матчта Еуро-2020 іріктеу кезеңінде гол соқты.