Әлем футболы

«Бавария» Лерой Сане үшін «Манчестер Ситиге» ресми ұсыныс жасады

news-banner7
mobile-news-top

Немістің ең атақты порталы Bild, неміс клубы Лерой Сане үшін «Манчестер Ситиге» 90 миллион еуро ұсынынды деп хабарлады.

Екі клуб арасында келіссөздер әлі жүріп жатыр. «Бавария» осы трансферлік терезе кезінде Санены команда қатарына қосуға барын салады.

Германия ұлттық құрамасының футболшысы Сане өткен маусымда клубтан кеткен Франк Рибериді алмастыра алады деп сеніп отыр.

Сане өткен маусымда «Манчестер Сити» сапында АПЛ-де 31 матчқа қатысып, 10 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер