Жағажай футболынан ҚОФФ ашық кубогы өтеді
<p>
<strong>Тамыздың 21-і күні Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен жағажай футбол аренасында ҚОФФ ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚОФФ сайты.</strong></p>
<p>
Турнирге барлығы 6 команда қатысуға ниетті. Қатысатын командалар да анықталып, жүлде қоры да бекітіліп қойды. Қызылорда ардагерлер құрамасы бір команда шығарса, «Қажымұқан» спорт мектебі, Төрешілер құрамасы, журналистер командасы және №6 облыстық балалар-жасөспірімдер футбол мектебінің екі командасы өнер көрсетпек. Бірінші орынға 40 мың теңге бұйырса, екінші орынды иемденген ұжым 20 мың теңгені еншілеп, үшінші орын иегері 10 мың теңгені қанжығаларына басады. Сондай-ақ, үздік номинация иегерлеріне де 5 мың теңгеден бөлінген.</p>
<p>
Алдымен үш-үштен екі топқа бөлінетін командалар өзара үздіктерді анықтаса, топ үздіктері бірден финалға жолдама алады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или