Сейдахмет «Қайраттың» медициналық тексерісінен өте алмады

Сейдахмет «Қайраттың» медициналық тексерісінен өте алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» футбол клубының медициналық тексерісінен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клубтың дәрігерлері медициналық тексеру барысында 19 жастағы жас шабуылшының денсаулығына байланысты мәселелерді анықтады. Дерек көздердің ақпаратына сенсек, «Қайрат» Сейдахметті «Уфадан» сатып алуға ниетті. Алайда трансфердің сомасы жайлы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, өткен маусымда Еркебұлан болгариялық «Левски» командасында жарты жыл жалда ойнады. Алайда ол команда сапында тек үш ойынға ғана қатысты. Шетел асқалы жас шабуылшыны жарақат жиі мазалап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер