Ковальчук: «Торпедо» футболшыларының көбісін танимын

Ковальчук: «Торпедо» футболшыларының көбісін танимын

«Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Кирилл Ковальчук Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында команданың еурокубоктағы қарсыласы грузиялық «Торпедо» жайлы өз ойымен бөлісті. 

- Жеребе нәтижесі бойынша Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласы грузин елінің командасы «Торпедо». Жеребеге көңіліңіз тола ма?

- Еуропа лигасына ішкі біріншілікте және кубокта сәтті өнер көрсеткендер жолдама алады. Сондықтан Еуропа лигасындағы кез келген командамен санасу қажет. Осал команда болмайды. «Торпедо» да өзінің мықтылығын дәлелдеген ұжым. Бірнеше футболшыларын танимын. Уақытында олар Украина премьер-лигасында ойнаған. Еурокубокта ел намысын қорғайтынымызға қуаныштымыз және қарсыласқа құрметпен қараймыз. 

- «Ордабасының» қазіргі құрамы еурокубок жарысында қай кезеңге дейін өте алады деп ойлайсыз?

- Бізде өте жақсы команда жасақталған. Үшінші кезеңге дейін жетуге анық шамамыз жетеді. Топтық турнирде өнер көрсетуге де қауқарымыз бар деп ойлаймын. Әрине, бұл менің жеке пікірім.

- «Ордабасы» командасындағы ойыншылардың көңіл-күйі қалай? Футболшылар «Торпедоға» қарсы ойынға психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайын? 

- Қазақстан кубогының финалына шыға алмағанымыз қатты өкіндіреді. Негізі бұл турнирдегі жолымыз оңай болған жоқ. «Оқжетпес», «Тараз» секілді мықты командалармен ойнадық. Дегенмен, Қазақстандағы ең бір кубоктық команда «Атырау» екен. Оған соңғы жылдардағы бұл клубтың нәтижелері дәлел. Өз алаңымызда жіберген бір гол текетірес тағдырын шешіп кетті. Өкінгенмен пайда жоқ, алдымызда бірнеше матчтар күтіп тұр. Еуропа лигасында сәтті өнер көрсетіп, жанкүйер алдындағы кінәмізді жуып-шаюға барынша тырысамыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или