«Милан» мен «Интер» бірігіп стадион салуға келісті

«Милан» мен «Интер» бірігіп стадион салуға келісті

Қазіргі таңда қос команда да қарсыластарын «Сан-Сирода» қабылдайды.

«Милан» мен «Интер» басшылары жақында жаңа стадионның іргетасын қалайды. Құрылыстың шығыны шамамен алғанда 700 миллион еуроны құрайды. Стадион 2022/2023 маусымға дейін дайын болуы тиіс. 

Ал, «Сан-Сиро» стадионы 1925 жылы салынған. Соңғы рет отыз жыл бұрын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Соңғы кездері осы стадионға барған туристердің көбі кешеннің ескіргені жайлы шағымдар жиі айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или