«Атырау» тағы бір легионерімен қоштасты
Словакиялық қорғаушы Франтишек Кубик «Атырау» командасынан кетті.
30 жастағы ойыншы «Атырауға» өткен жылдың жазында келген, содан бері 16 матчқа қатысты.
Осы маусымда Премьер лигада 8 матч өткізіп, 2 голдық пас шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Атырау» сапынан словениялық жартылай қорғаушы Желько Филипович пен хорватиялық шабуылшы Йосип Иванчич кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или