Неймар Барселонадан үй іздеп жатыр
ПСЖ форварды Неймар «Барселонаға» оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Gol телеарнасы хабарлады.
Бразилиялық футболшы Каталония астанасынан үй іздеп жатыр. Бұрын «Барсада» ойнап жүргенде тұрған үйінің маңынан жаңа пәтер алмақ.
Айта кетейік, 2017 жылдың жазынан бері Неймар франциялық ПСЖ-да ойнаған болатын. Соңғы уақытта форвард «Барселонаға» оралады деген ақпарат тарай бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или