«Атырау» қақпашысы бір жылға жарыстан шеттетілді

«Атырау» қақпашысы бір жылға жарыстан шеттетілді

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Отырыста «Атыраудың» жастар командасының қақпашысы Бекнұр Ғабдуллинді бір жыл мерзімге дисквалификациялау туралы шешім қабылданды. Бұл шешім тәртіптік регламенттің 37-бабы және 45-баптың 1-тармағы, 1.2-тармақшасына сай қабылданып отыр. Ойыншының әрекеті матчтың ресми өкіліне қарсы физикалық тұрғыдан әсер етті деп бағаланды.  

Дисквалификациялау мерзімі 2019 жылдың 15 маусымынан бастап есептеледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или