Саланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Саланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Англиялық полиция футболшы Эмилиано Саланы абайсызда өлтірді деген күдікпен ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірақ құқыққорғаушылар 64 жастағы күдіктінің Саланың өліміне қандай қатысы бар екенін мәлім еткен жоқ.

Сала биыл қысқы трансфер кезінде «Нанттан» «Кардиффке» ауысқан болатын. 21 қаңтарда ол клубтастарымен қоштасып, Тұманды Альбионға ұшып кеткен. Сол күні футболшы отырған ұшақ радардан жоғалған. Бірнеше күннен соң іздеу тобы ұшақ пен Эмилианоның денесін тапқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или