ПСЖ Неймардың трансферлік бағасын атады

ПСЖ Неймардың трансферлік бағасын атады

Франциялық ПСЖ шабуылшы Неймарды 300 млн еуроға сатуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Париждік команда Неймар үшін ешкім мұндай сома төлемейді деп санайды. Бірақ басқа клубтар соманың ішіне өзінің басқа да ойыншыларын ұсынып жатса, француздар келіссөз жүргізуге дайын.

Өткен маусымда Неймар ПСЖ сапында 28 матч өткізіп, 23 гол мен 13 нәтижелі пастың авторы атанған. Футболшы «Барселона» сапына оралғысы келіп жүр деген ақпарат шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или