Ер кезегі үшке дейін. «Атырау» - финалдың тұрақты қонағы

Ер кезегі үшке дейін. «Атырау» - финалдың тұрақты қонағы

«Қайсар» да, «Атырау» да Қазақстан кубогын бір мәрте жеңген.

«Атырау» футбол клубы үшінші жыл қатарынан ел кубогының финалына шығып отыр. Жартылай финалда атыраулықтар «Ордабасымен» 0:0 есебімен тең түсіп, қонақта тіркелген 1:1 есебінің арқасында финалдық матчқа жолдама алды. 

Атыраулықтар соңғы екі финалда да өнер көрсеткен. Екеуінде де батыс қазақстандық команданың жеңісіне алматылық «Қайрат» кедергі болды. Соңғы мәрте бұл клуб ел кубогын он жыл бұрын иемденген еді. Ол кезде «Атырау» қарағандылық «Шахтерды» 1:0 есебімен жеңген еді. 

«Қайсар» болса финалға өткен ғасырдан бері тұңғыш рет шығып отыр. «Касқырлар» финалда екі мәрте бақ сынаған. Алғашқысы - 1998 жылы. Алматыдағы Орталық стадионда «Қайсар» павлодарлық «Ертіске» 1:2 есебімен есе жібереді. Араға бір жыл салып дәл сол стадионда өскемендік «Восток-Алтын» командасын матч соңындағы пенальти сериясында ұтып, кубокқа қол жеткізеді. Айта кетерлік жайт, «Қайсар» қатысқан екі финал да 90 минуттан ары созылған екен. 

«Атырау» өнер көрсеткен финалдарда бір доптан артық соғылмапты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или