Аслан Дарабаев «Жетісу» футболшысы атанды

Аслан Дарабаев «Жетісу» футболшысы атанды

Бір ай бұрын «Ертіс» қатарынан кеткен Аслан Дарабаев талдықорғандық Жетісумен келісімшартқа отырды.

Дарабаев қарағанды футболының түлегі. Премьер-лигадағы алғашқы матчын 2008 жылы 30 наурыз күні <span>«Шахтер» сапында өткізген. Қарағандылық клубта Дарабаев 56 ойынға қатысып, 4 гол соққан. Сондай ақ, Аслан «Ақтөбеде» (51 матч, 6 гол), «Атырау» (8 матч), «Қайрат» (57 матч, 10 гол) өткізген. 2016 жылы керекулік «Ертіске» ауысып, бұл ұжымның жейдесін киіп алаңға 32 мәрте шығып, 5 мәрте мергендік танытқан. Ал, өткен маусымды қостанайлық «Тобыл» футболшысы ретінде өткізді. </span>

<span>«Тобылдан» «Ертіске» өткен жылдың желтоқсан айында қайта оралып, мамыр айына дейін алаңға 7 рет шығып, 1 доп соқты. </span>

<span>Еске сала кетейік, Димитар Димитров бапкерлік қызметтен кеткеннен кейін, футболшы «Ертіспен» мамыр айының басында өз шешімі бойынша келісімшартты бұзған еді. </span>

<span>«Жетісу» футбол клубы ҚПЛ-дың алтыншы сатысына жайғасып тұр. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или