Отандық маман «Екібастұздың» тізгінін ұстады

Отандық маман «Екібастұздың» тізгінін ұстады

«Екібастұз» клубы бас бапкер қызметіне Николай Курганскийді тағайындады. 

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді. Николай Курганский футболшы мансабында ел чемпионатының екі мәрте жүлдегері атанған, оған қоса 16 гол соғып, сұрмергендер тізіміне енген. Бұған дейін ол «Екібастұз» командасының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды. 

Айта кетейік, бұған дейін «Екібастұздың» тізгінін отандық маман Асқар Қожабергенов ұстаған болатын. Алайда ол мамыр айында орнынан кетті. Қазір «Екібастұз» командасы Бірінші лигада 14 команданың ішінде 13-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или