Владимир Газзаев: Тәжірибелі командамен кездесеміз
Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Владимир Газзаев Еуропа Лигасы жеребесі туралы пікір білдірді.
— Маусым – еурокубок ойындарына жеребе тартылатын ай. Еуропалық клуб турнирлерінде өнер көрсету – ел футболының визит картасы іспетті.«Тобыл» тиісінше халықаралық ойындарға тыңғылықты дайындалып, бар мүмкіндіктерді пайдалануға тырысамыз.
«Жённес» – Люксембургтегі 110 жылдан астам тарихы бар клуб. Бұл өз елінің ең үздік клубы. 28 чемпиондық атағы бар. Еурокубок ойындарында өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап ойнайды. Сондықтан біз тәжірибелі командамен кездесеміз
Бірінші матчты сырт алаңда өткіземіз, ал Нұр-Сұлтанда біз еліміздің футбол жанкүйерлерін күтеміз. Еуропа Лигасында біз бүкіл Қазақстанның намысын қорғаймыз және астаналық тұрғындар да бізді қолдайды деп үміттенеміз.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші матч 11 шілдеде сырт алаңда өтеді, жауап ойыны 18 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылмақ.