«Ордабасы» мен «Торпедоның» бағасы қанша?

«Ордабасы» мен «Торпедоның» бағасы қанша?

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» Грузияның «Торпедосымен» кездеседі.

Prosports.kz сайты беделді неміс порталы Transfermarkt.de мәліметіне сәйкес қос команданың бағасын салыстырып көрді.

«Ордабасы» командасының құны 15,88 миллион еуроны құрайды. Ал оның сапындағы ең қымбат футболшы - Алексей Щеткин (1,8 млн еуро). «Торпедо» шымкенттік ұжымға қарағанда үш есе арзан. Грузиялық команда 4,78 миллион еуроны құрайды. 500 мың еуро тұратын Роин Квасхвадзе команданың ең қымбат ойыншысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или