«ЧФР Клуж» «Астанаға» қарағанда 1 млн еуроға қымбат

«ЧФР Клуж» «Астанаға» қарағанда 1 млн еуроға қымбат
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін ел чемпиондары «Астана» командасы УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді.

Жеребе қорытындысы бойынша елордалық ұжым Румынияның төрт дүркін чемпиондары «ЧФР Клуж» командасымен күш сынасады.

Немістің беделді Transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша, қазақстандық ұжымның жалпы құны дәл қазір 24,48 миллион еуроны құрайды. Ал оның қарсыласы тура 1 милллионға қымбат. Нақтырақ айтқанда 25,45 млн еуро.

«Астананың» сапында 3,5 миллион еуроны тұратын Марин Томасов ең қымбат футболшы атанса, «ЧФР Клуж» сапындағы ең қымбат ойыншы - Георге Цукудян. Оның да нарықтағы бағасы 3,5 млн еуроны құрайды екен.

«Челсимен» тең түскен, «Бавариямен» кездесуде төрт гол соққан

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер