УЕФА-ның бұрынғы президенті тұтқындалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУЕФА бұрынғы президенті және Франция құрамасының аңызы Мишель Платини тұтқындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты The Sun порталына сілтеме жасап.
63 жастағы Платиниге Катарда өтетін әлем чемпионаты-2022 өткізу құқығын сатты деген айып тағылды.
Еске салайық, осыдан төрт жыл бұрын ФИФА президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини аталмыш ұйымның 2 млн Швейцария франкын жымқырды деген айып тағылған болатын. Халықаралық футбол федерациясының Этика комитеті оларды 8 жылға футболдан шеттетті. Кейін шеттетілу сегіз жылдан алты жылға ауыстырылды.