Милан Радин: «Ақтөбе» менің жүрегімде мәңгі қалады

Милан Радин: «Ақтөбе» менің жүрегімде мәңгі қалады

«Ақтөбе» футбол клубы жартылай қорғаушы Милан Радинмен мерзімінен бұрын қош айтысты.

Клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берген серб жартылай қоғаушысы «ақ-қызылдар» сапынан кету себебін түсіндіріп берді.

«Ең бірінші, «Ақтөбеде» ойнағаным үшін Құдайға, тағдырыма ризашылығымды білдіремін. Мен бұл жерде бір жарым маусым ойнадым. Маған бәрі ұнады. Бірақ қазіргі таңда бір мәселе туындады, мен үнемі отбасымның жанында болуым керек. Сол үшін мен клуб басшылығынан мені жіберуін сұрадым. Менің келісім-шартым жыл соңына дейін, олар мені жібермей қалуларына да болар еді. Алайда Самат Смақов мені жете тыңдап, менің жағдайыма түсіністік танытты. Мені түсінген басшылыққа алғыс айтамын, себебі мен үшін отбасы ең бірінші орында тұр.

Сонымен қатар, еліміздегі ең үздік жанкүйерлерге де рахметімді айтамын. Көрерменге толы стадионда ойнау маған өте ұнайтын. «Ақтөбе» менің жүрегімде мәңгі қалады», - деді Радин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или