«Астана» - «Қайсар» матчын ерекше жанкүйер тамашалады
Премьер-Лига аясындағы «Астана» - «Қайсар» кездесуін қазір ауыр онкологиялық аурумен күресіп жатқан 15 жастағы клуб жанкүйері Жан арнайы келіп тамашалады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Жан өмірінде орын алып жатқан қиындықтарға қарамастан, футболды сүйіп, әрі «Астана» футбол клубына жанкүйерлік етуде. Ол өзінің сүйікті футболшыларымен кездесіп, оларға көкейіндегі сұрақтарын қоюды армандаған.
Жас жеткіншектің осы арманын «Астана» футбол клубы мейірмді жандар клубымен бірлесе отырып орындады. Жанды ойынға арнайы шақырып, ал ол кездесу соңында Дмитрий Шомко мен Марин Томасовпен кездесіп, елорда ойыншылары Жанға естелік сыйлықтар табыс етті.
Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубының бас демеушісі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или