Агуэро: «Англия чемпионы деген екі титулмен ғана шектелгім келмейді»

26 жастағы «Манчестер Ситидің» аргентиналық шабуылшысы клубпен 2019 жылға дейін жасалған жаңа келісім-шарты туралы ойымен бөлісті.

«Әр маусым сайын менің Испанияға қайта оралғым келіп жүргені туралы өсектер шығады, алайда бұның бәрі өтірік. Адамдар жаңалықты оқып, оны шынайы қабылдауы мүмкін. Бірақ «Манчестер Ситидің» жанкүйерлері қорықпаса болады. Жаңа келісім-шартым аяқталғанша ешқайда кетпеймін.

Жыл сайын дами беруге тырысамын. Өткен маусымда бәрі тамаша болды, алайда мен бар болғаны Англия чемпионы деген екі титулмен ғана шектелгім келмейді. Командада бәріміз Абұдан да көп жеңісті қалаймыз», - деді Агуэро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или