«Жетісу» Премьер-Лиганың екінші кезеңіне дайындықты бастап кетті
<p style="text-align: justify;">
<strong>23 тамыз күні Премьер-Лиганың екінші кезеңі басталады, осыған орай «Жетісу» өз алаңында дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Талдықорғандық «Жетісу» екінші кезеңді сырт алаңда павлодарлық «Ертіске» қарсы кездесумен бастайды. «Жетісу» футболшылары екінші кезеңге дайындықты Талдықорған қаласындағы орталық стадионда бастап кетті.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңзге сала кетсек, «Жетісу» Премьер-Лиганың алғашқы кезеңін 27 ұпаймен жетінші орында аяқтаған болатын. Келесі кезеңде екінші алтылықта жоғарғы лигада қалу үшін күресетін болады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или